Түркістан облысы
    KZ RU
    Түркістан облысы
    Қазақша
    Русский
    Тіркелу Кіру
    Басты Балабақшалар Ұйым туралы ақпарат

    ЖМ "Индира" балабақшасы

    Директордің аты-жөні: Бейсенова Индира Ерболатқызы
    Типі: Жеке меншік балабақша
    Вид: балалар бақшасы
    Айына құны, тг.: 7000
    Жұмыс уақыты: 5
    Жұмыс тәртібі: С 08:30 до 18:00
    Жасына сәйкес топтар: От 3 до 6 лет
    Балабақшаның өткізу қабілеті
    87
    Оқыту тілі
    Қазақша
    Орысша

    Сипаттама

    Құрметті ата – аналар !

             «Индира» балабақша ЖМ - 16.11.2017 жылы ашылды. Балабақшада 4 топ жұмыс істейді. Барлық бала саны - 87.

            Балабақшамыз – бүлдіршіндеріміздің рухани және дене мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік және  салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру, азаматтық пен патриотизмге, отбасының, халықтың, қоғамның  және мемлекет алдындағы құқығы мен міндеттерін сезінуге тәрбиелеу, оларды жан-жақты дамыту бағытынды қарқынды еңбек етуде. Әр топта оқу іс-әрекеттері мемлекеттік стандарттарға сәйкес сәйкес, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарлы және күнделікті өткізіледі. Балабақшада балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған, ата-аналардың өтініші бойынша топтарда  ағылшын тілі ұйымдастырылып отыр.   Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдары жеткілікті. Балабақшада балалардың денсаулығына, жан-жақты дамуына нақты көңіл бөлінеді. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін, дене бітімінің дұрыс дамуына бағытталған оқу-тәрбие шаралары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп отырады.

    Олардың даралық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру үшін өз мәдениетінің қайнар көзін ашып, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге жағдай туғызып, ерен еңбек ету -  негізгі міндетіміз болып отыр.

    Балабақша ұжымы жаңа стандарттарды енгізу жағдайына бейімделіп,  2018 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласының көшпелі курс - семинарына қатысып, сертификаттар иеленді.                                          Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасалынған. Ойын, демалыс, әдіскер және психология кабинеттері, музыкалық зал,  асхана, дәрігерлік қызмет түрлері толық жабдықталып қамтылған. Балабақша ұжымы да жоғары білімді, шығармашылығы мол мамандардан тұрады.

      

    Топтар

    Жасына сәйкес топтар Барлығы орындар
    1 Екінші кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін) 20
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Күншуақ 2016 Қазақша 2 17
    2 Ортаңғы топ (4 жастан 5 жасқа дейін) 46
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Смешарики 2015 Орысша 30 14
    3 Мектепалды даярлық тобы (6 жастан 7 жасқа дейін) 1
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Акбота 2013 Қазақша 19 0
    4 Ересек топ (5 жастан 6 жасқа дейін) 27
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Балапан 2014 Қазақша 38 0

    Мекен-жай

    Мекен-жай: Б.Саттарханов көшесі №63

    Байланыс телефоны: +7 (775) 049-01-01

    Электронды пошта мекенжайы: b.i.e@bk.ru