Түркістан облысы
    KZ RU
    Түркістан облысы
    Қазақша
    Русский
    Тіркелу Кіру
    Басты Балабақшалар Ұйым туралы ақпарат

    "Созақ ауданының Таукент кенті әкімі аппаратының "Таукент гүлдері бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

    Директордің аты-жөні: Жамиева Карлыгаш Нышанбаевна
    Типі: Государственная ДО
    Вид: балалар бақшасы
    Айына құны, тг.: 400
    Жұмыс тәртібі: С 07:00 до 19:00
    Жасына сәйкес топтар: От 1 до 7 лет
    Балабақшаның өткізу қабілеті
    521
    Оқыту тілі
    Қазақша
    Орысша

    Сипаттама

    Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

     

            Cозақ ауданының Таукент кенті әкімі аппаратының  «Таукент гүлдері» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Түркістан облысы Cозақ ауданы Таукент кентінде екі қабатты ғимаратта орналасқан, балабақша екі ғимараттан тұрады. «Таукент гүлдері» бөбекжай-балабақшасы 440 орындық, 19 топқа арналған. Кәсіпорын мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүргізетін мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымы болып табылады. Кәсіпорын бір жастан алты жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеудi, оқытуды, бағуды, күтудi және сауықтыруды қамтамасыз етеді.

     Жұмыс мемлекеттік тілде қазақ тілінде және ресми тіл орыс тілінде жүргізіледі.  Жобалық  әлділігі 440 орын,  сыйымдылығы 440 балаға арналған. 19 топ ұйымдастырылған, онда тізім бойынша  бала саны -440 . Арнайы  әр  топта   толық  жабдықталған  ойын бөлмесі, жатын бөлмесі, қабылдау бөлмесі  мен  ас бөлмесі, тазалық  гигиеналық  бөлмелер  бар.  Аула  өсімдіктерімен  көгалдандырылған, таза  ауада  ойнап  өсу  жағдайы  қарастырылған – спорт  алаңы,  үрмелі  құрғақ, арнайы ішкі және жаз  мезгілінде  шомылатын сыртқы бассейндер  бар. Әр топтың өзінің  жылу, телекоммуникация,  су тасымалдау жүйелері толық талапқа сай қарастырылған.  Жұмыс уақыты 12 сағат (7.00-19.00 дейін) 5 күндік. Арнайы музыка және дене шынықтыру залдары, әдістемелік,  психолог,  медбике кабинеттері, музей бар. Асхана және басқа шаруашылық бөлмелер  талапқа сай орналасқан. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері азық-түлік  сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. 

     

    Балабақшаның материалдық-техникалық жағдайы


    Балабақшада сауықтыру-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балабақша жақсы көгалдандырылған,  жеміс бағы, гүлзарлар бар. Дене шынықтыру алаңы,  серуендеу учаскелері бар, онда дәліздер, балалардың тыныш ойындары мен қозғалыс қызметіне, сюжеттік-рөлдік ойындарына, сумен және құммен ойнауға арналған жабдық орналасқан. Балабақша ғимараты жоба бойынша салынған, екі қабатты, жарық, су, канализация, қанағаттанарлық жағдайдағы сантехникалық жабдықтар бар. Топтық бөлмелер мен жатын бөлмелері бір-бірінен бөлінген. Әр топтың өз кірер есігі бар. Барлық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен, ойын және оқу-дидактикалық материалдарымен жабдықталған. Заттық-дамытушылық орта ойластырылған. Оқу құралдарының барлық түрлері мен ойыншық түрлері оқыту мен тәрбиелеудің өзгешелігі мен міндеттеріне байланысты оларды қолдану әдістемесін ашады, оларды пайдаланудың вариативтілігін көрсетеді. Педагогтардың өз бетінше дайындаған стандартты емес оқу құралдары дамытушылық ортаны толықтырады. Ас үй-ас әзірлейтін блок бірінші қабатта (дайындау және пісіру) орналасқан. Қажетті жабдықтар жиынтығы (тоңазытатын шкафтар, тұрмыстық тоңазытқыш, электр плиталары, электрлік еттартқыш, көкөніс кескіш, картопаршығыш, электрлік су қайнатқыш) бар. Кір жуатын орын автоматты басқарудағы кір жуу машинасымен, центрифугамен, кептіру барабанымен жабдықталған. Медициналық кабинет жабдықталған, оқшаулайтын және егетін бөлме бар.

    Балабақшада 2018-2019 оқу жылында оқу тәрбие жұмысын 63 педагог атқарады: 51-жоғары, 10-арнаулы орта, 2-аяқталмаған жоғары білімді

     Педагог кадрлардың барлығы штаттық жүктемемен жұмыс жасайды.

     

         Лауазымдар  атауы

    Саны

    Меңгеруші

    1

    Әдіскер

    3

     Психолог

    2

    Ағылшын, орыстілінің мұғалімі

    3

    Қазақ тілінің мұғалімі

    2

    Саз жетекшісі

    4

    Дене шынықтыру нұсқаушысы

    3

    Жүзу жөніндегі нұсқаушы

    2

    Тәрбиешілер

    43

     

     

     

     

     

    Топтар

    Жасына сәйкес топтар Барлығы орындар
    1 Екінші кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін) 80
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Атауы жоқ 2016 Қазақша 77 0
    2 Ортаңғы топ (4 жастан 5 жасқа дейін) 108
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Атауы жоқ 2015 Қазақша 103 2
    3 Ересек топ (5 жастан 6 жасқа дейін) 115
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Атауы жоқ 2014 Орысша 104 11
    4 Мектепалды даярлық тобы (6 жастан 7 жасқа дейін) 79
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Атауы жоқ 2013 Орысша 69 9
    5 Мектепалды даярлық тобы (7 жас) 28
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Атауы жоқ 2012 Орысша 24 4
    6 Бірінші кіші топ (2 жастан 3 жасқа дейін) 96
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Меруертгүл 2017 Қазақша 69 0
    Еңлікгүл 2017 Қазақша 0 20
    7 Ерте жастағы топ (1 жастан 2 жасқа дейін) 58
    Атауы Балалардың туған жылы Оқыту тілі Бос емес орын саны Бос орын саны
    Бәйшешек 2018 Қазақша 11 9
    Роза 2018 Қазақша 2 13

    Мекен-жай

    Мекен-жай: 161003, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, 1 ықшам ауданы, 2 ғимарат

    Байланыс телефоны: +7 (725) 466-05-27

    Электронды пошта мекенжайы: kz251268@mail.ru